Жеміс-көкөніс шаруашылығы
Аннотации
Оқулық 5В050801 – «Агрономия» мамандығына Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 11 мамырында №289 хаттамасымен бекітілген «Жеміс-көкөніс шаруашылығының» оқу жоспарының типтік бағдарламасына сәйкес дайындалған. Онда Қазақстанның солтүстігінде өсірілетін негізгі жемістік, жидектік және көкөніс дақылдарының морфологиялық белгілері және биологиялық ерекшеліктері сондай ақ олардың көбейту тәсілдері, өсіру технологиясының жетілдірілген тәсілдері қарастырылған. Аз тараған болашағы бар көкөніс және жеміс дақылдарын өсірудегі биотехнологияның жетістіктеріне және қарқынды технологияға ерекше көңіл бөлінген.
Агрономия мамандықтары бойынша жоғары және мамандандырылған орта білім беретін оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ агроөндірістік кешеннің мамандарына, еліміздің әуесқой жеміс-көкөніс өсірушілеріне арналған.