ЖЕМІС-КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Аннотации
Көкөніс және жеміс шаруашылығының негізгі міндеті – халықтың азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкөністерді, жемістерді, жидектерді және жүзімді өндіру.
Тамыржемісті көкөністерде, қантты жүгеріде, жасыл асбұршақта, қарбызда, асқабақта, жемістерде, жидектерде және жүзімдерде көмірсулары мол болады. Жемістер мен көкөністерде С дәрумені мол мөлшерде кездеседі, оған әсіресе тәтті бұрыш, ақжелек және аскөк, батун пиязы, ақжелкек, брюссель, тұсті және ақ қауданды орамжапырақ, қымыздық, шпинат, қызанақ, шалғам, қара қарақат, таңқурай, бүлдірген, қарлыға, алмалар бай келеді.