Мехатроника: Машина жасау және электротехникадағы электрондық басқару жүйелері.
Аннотации
Бұл оқулықтың мақсаты – кері байланысты басқару теориясының құрылымын көрсету мен
мәтін бойынша алға басқан сайын қызықты жаңалықтардың және мәселелерді талқылаудың
дәйектілігін қамтамасыз ету. Басылымның жетістігі оның студентке кері байланысты басқару
жүйесі теориясын меңгеруге көмектесе алғандығымен байқалатын болады.
Оқулық техникалық университет бакалавриатының студенттеріне басқару жүйелері жөніндегі
кіріспе курсына арналған. Басқару жүйесі тәжірибесінде аэрокосмостық, химиялық, электрлік,
өндірістік және машина жасау техникалары арасында кішкене ғана айырмашылықтар болады,
сондықтан да бұл оқулық барлық инженерлік пәндер үшін біркелкі пайдалы. Көптеген тапсырмалар
мен үлгілер түрлі салаларды қамтиды, ал басқарудың әлеуметтік, биологиялық, экологиялық және
экономикалық жүйелерінің үлгілері оқырманға басқару жүйелері теориясының көптеген өмірлік
аспектілер үшін қолданылатынын көрсету мақсатында ұсынылады.