КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Дата
2016Автор
Жексембекова, М.
Кавунов, П.
Султанбек, А.
Молдобаева, Р.
Боман, Б.
Суонсон, С.
Сприн, Т.
Metadata
Показать полную информациюАннотации
Құралдағы материалдар Флорида штаты Университетінің профессорлары
мен «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры»
қоғамдық қорының (ЖБҚ) мамандарымен бірлесіп жасалған зерттемелері.
Құрал екі негізгі - агрономия бойынша оқу құралы және экономика
бойынша оқу құралдары бөлімдерінен тұрады.
Агротехника оқу құралында Алматы облысында өсірілетін көкөністерді
күтіп - баптау мәселелері баяндалған. Бірінші бөлімі – көкөніс
шаруашылығының негіздері, екіншісі мен үшінші бөлімдері қызанақ және
бұрыш өсірумен айналысатын көкөніс өсіруші-ферма иелерінің тәжірибелік
дағдыларын дамытуға арналған.
Экономикаға арналған оқу құралы - ауылдағы еңбектің тиімділігін арттыру
мәселелеріне жауап береді. Бұл жерден сіз есеп-қисапты қалай дұрыс
жүргізу, күрделі шығындарды қалай есептеу, фермалық кооперативтерді
қалай тарту және ауылшаруашылық өнімдерін өткізудің қандай тиімді
тәсілдері бар екенін баяндайтын ақпараттар таба алсыздар.
Оқу құралының бөлек тарауы – тамшылап суару, тыңайтқыштарды, тағы
басқаларын дұрыс пайдалана білу сияқты, жаңа өндірістік технологияларды
қолданудың қаншалықты пайдалы болатындығына арналған.
Аталмыш құрал кең оқырмандарға, ферма иелеріне, әуесқой-көкөніс
өсірушілерге арналған. Жаңа технологиялар мен жаңа көкөніс дақылдары
қолданылған сайын, құралдың мәтіні де толықтырылып, қайта қаралатын
болады. Брошюрада жазылған ақпараттар, құралдың авторларының
тәжірибелік және өндірістік, сондай-ақ, көкөністерді өсірудегі агротехника
бойынша ғылыми әдебиеттен алынған ақпараттардан негізделген.