КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Аннотации
Берілген оқу құралының негізгі мақсаты педагогикалық
менеджментті оқытудың теориялық және әдістемелік
аспектілерін баяндау болып табылады.
Оқу құралында менеджменттің қалыптасу және даму
кезеңдері, басқару ісінің ғылыми ережелері мен заңдылықтары,
функциялары, принциптері мен әдістері баяндалған. Сонымен
қатар, педагогикалық менеджментте білім беру сапасын
басқару мен ақпараттық қамтамасыз ету қажеттіліктері
және нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының
стратегиясы қарастырылған.
Оқу құралы кәсіптік оқыту мамандықтарының
студенттеріне арналған.