Ақпараттандырудың техникалық құралдары
Аннотации
Ақпараттандырудың заманауи құралдардың физикалық негіздері, аппараттық құралдары, конструктивтік ерекшеліктері, техникалық сипаттамалары жəне қолдану ерекшеліктері қарастырылған: компьютерлер, ақпаратты дайындау, енгізу мен бейнелеу құрылғылары, аудио- жəне видео ақпараттарды өндеу мен жандандыру жүйелері, телекоммуникациялық құралдар, қатты тасымалдағыштардағы ақпаратпен жұмыс жасауға арналған құрылғылар. Ақпараттандырудың техникалық құралдарын қолданысқа енгізу кезіндегі жұмыс орындарын ұйымдастыруға назар аударылған.
Процессорларды өндіру технологиясы, көпядролы процессорлардың негізгі сипаттамалары, заманауи жəне перспективалы ақпарат тасымалдауыштар, сандық дыбыстық жүйелер, 3Б-дыбыс технологиясы, веб-камералар, үшөлшемді принтерлер мен сканерлер, электрондық планшеттер, ақпаратты енгізудің сенсорлық құрылғылары, Bluetooth жəне Wi-Fi сымсыз технологиялары, смартфондар мен коммуникаторлар туралы ақпарат келтірілген.