Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2019 жылдың 4-5-ші сәуірінде Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында өтетін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлының 70 жасқа толу мерейтойына арналған «Ғылым, өндіріс, бизнес: «Байсерке-Агро» Агрохолдингі үлгісіндегі аграрлық сектордың қазіргі жағдайы және инновациялық даму жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. 

Конференцияда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланады.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыратын заманауи инновациялық агротехнологиялардың және аграрлық ғылымның, жалпы АӨК –нің жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылады. 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Жұмыс регламенті:

  • Баяндама жасау – 10 мин.
  • Баяндамаларды талқылау (сұрақтар/жауаптар) – 3-5 мин.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдерді және мақалалар мәтіндерін қабылдау онлайн режимінде Конференция сайтының жеке кабинетінде қабылданады.

Конференцияға қатысу тегін.