Конференция өтетін орны
Пленарлық мәжілістер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің Қызыл залында өтеді.
Мекенжайы: 050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71/23.
Секциялық мәжілістер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің аудиторияларында өтеді (сол мекенжайда).
Алматы қаласы – Қазақстанның ең ірі қаласы, Іле Алатауының баурайында орналасқан. Бұл күн шуақты, жасыл желекке оранған қала, кең көшелері, әсем ғимараттары, көптеген саябақтары мен скверлері бар. Қаланың бай тарихы көптеген көрікті жерлерінде, тарихи-мәдени ескерткіштерінде және сәулет өнеріндегі контрастында – көне бекініс стиліндегі ғимараттардан бастап заманауи биік кешендерге дейін – көрініс табады. Мұнда әлемге әйгілі биік таулы «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, альпинистік және туристік лагерьлер, демалыс үйлері мен курорттар орналасқан. Көк-Төбе – қаланың аумағында орналасқан, теңіз деңгейінен 1100 метр биіктіктегі тау. Таудың етегінде 350 метрлік телемұнара тұр, теңіз деңгейінен есептегенде бұл әлемдегі ең биік мұнара болып саналады. Қала арқылы бірнеше өзен ағып өтеді, олардың сулары мөп-мөлдір және таза.
Ағылшынша
Орысша