2026 жылдың 8–9 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы, Түркі әлемі математикалық қоғамы (TWMS) және Қазақстан математикалық қоғамы дәстүрлі «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education» (CITech–2026) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізеді.
Конференцияның мақсаты – есептеу және ақпараттық технологияларды ғылымның, техниканың және білім берудің әртүрлі салаларында қолдану саласындағы жетекші мамандардың тәжірибе алмасуы мен өзекті мәселелерді талқылауы, іргелі және қолданбалы математикалық зерттеулердің жаңа нәтижелерімен танысу, сондай-ақ халықаралық ғылыми және техникалық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.