2023 жылғы 20-23 қыркүйек аралығында Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) қолдауымен Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресін (TWMS Congress-2023) өткізеді.

Конгрестің негізгі мақсаты – ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымының дамуына және математиканың, ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ғылыми
зерттеулерде, техника мен білім беруде қолдануға үлес қосу.