Түркі әлемі математикалық қоғамының халықаралық конгрестері үш жылда бір рет өткізіледі. Түркі әлемі математиктерінің I конгресі 1999 жылы Фират университетінде (Элазиг, Түркия), II конгресс – 2007 жылы Сакария университетінде (Адапазары, Түркия), III конгресс – 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы, Қазақстан), IV Конгресс – 2011 жылы Баку университетінде (Баку, Әзірбайжан), V Конгресс – 2014 жылы Ыстықкөл жағасында (Қырғызстан), VI Конгресс – 2017 жылы Еуразия ұлттық университетінде (Астана)  өтті.