2024 жылғы 28-29 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті «Инженерлік және технологиялық білім берудегі жасанды интеллект» атты халықаралық ғылыми-білім беру конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Заманауи әлемнің техникасы мен технологиясындағы жасанды интеллект(ЖИ) дамуының ерекшеліктерін, мәселелерін, тенденцияларын зерттеу саласындағы өзекті ғылыми дискурсты қалыптастыру; жасанды интеллект жүйелерін дамытудың жаңа стратегиялық бағыттарын анықтау; инженерлік-технологиялық білім беру саласындағы озық инновациялар және заманауи жасанды интеллект құралдарын біріктіру. Конференция жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауға ықпал ететін озық тәжірибе алмасу алаңын құруға бағытталған.

Конференцияның өтетін тілдері: казақ, орыс, ағылшын.