Конференция тезистері 1 беттен тұратын ағылшын, орыс немесе қазақ тілдерінде келесі үлгіні қолдана отырып әзірленген LaTeX форматында ұсынылады және 2024 жылдың 5 ақпанға дейін конференция веб-сайтының жеке кабинетінде қабылданады:

 

8-ден 10 бетке дейінгі баяндамалардың толық мәтіндері келесі үлгіні қолдану арқылы әзірленген LaTeX форматында ағылшын тілінде ұсынылады және конференция веб-сайтында 2024 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады.

  • Ағылшын тіліндегі толық мәтінді баяндаманың үлгісін жүктеп алу (сілтеме кейінірек қолжетімді болады).

 

Жарияланымдар: Конференцияның басталуына қарай тезистердің электрондық жинағы шығарылады . Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген немесе талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қарастырылмайды.

Конференцияның халықаралық сарапшылық кеңесімен жариялауға ұсынылған өзекті ғылыми мақалалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын «ҚР ҰИА Хабаршысы» (journal.neark.kz), «ҚазҰУ хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы» (Web of Science-те индекстелетін, Russian Science Citation Index – https://bm.kaznu.kz/index.php/kaznu), International Journal of Mathematics and Physics (Web of Science, Scopus базасында бар - https://ijmph.kaznu.kz/index.php/kaznu) и «Journal of problem in computer science and information technologies» (https://jpcsip.kaznu.kz/index.php/kaznu) басылымдарында жарияланады.