Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Материалдарды жіберу: баяндама мәтіндері 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ymangalyev@mail.ru электрондық поштасына жіберілу керек.
Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
1. Көлемі 5 беттен аспайтын материалдар электронды түрде ұсынылады.
2. Мәтін Word редакторында теріледі, «Times New Roman» шрифті, шрифт өлшемі 12, жоларалық интервал – 1,0 см, шеттері – 2,0 см.
3. Материалдардың атауы бас әріптермен, беттің ортасында орналастырылады. Төменде бір интервалмен автор(лар)дың тегі мен инициалдары беріледі; оның астында ұйымның атауы, қала, ел, электрондық пошта адресі көрсетіледі.
4. Мәтінде кестелік және иллюстрациялық материалдар берілуі мүмкін. Кестелерде тақырыптар мен реттік нөмірлер болуы керек. Кестелер мен иллюстрациялардың максималды саны 5-тен аспайды.
5. Қысқартылған сөздер (түрлердің, препараттардың, химиялық қосылыстардың, т.б. латынша атаулары) алғаш айтылғанда толық беріледі.
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10-нан аспайтын дереккөздерді қамтиды. Библиография мәтінде пайдаланылған тәртіпте беріледі.
7. Мәтін түпнұсқа болып табылады және оны кейіннен өзгертуге болмайды.
8. Ғылыми редакция және материалдың дұрыстығы бойынша жауапкершілік авторға (ларға) жүктеледі.
9. Конференцияны ұйымдастыру комитетi тағайындаған редакциялық алқа ғылыми материалдардың берiлуiнiң анықтығы мен айқындылығының, стильдiк материалдардың көптiгiне байланысты конференция бейiнiне сәйкес келмейтiн, және грамматикалық қателері көп қолжазбаларды басып шығаруға рұқсат бермеуге құқылы.