1 бет көлеміндегі конференция тезистері тек ағылшын тілінде, https://acagor.kz/citech-2020/templates/abstract бетінде көрсетілген Latex форматындағы үлгі бойынша ресімделіп, Конференция сайты арқылы 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.

2. Конференцияның басталуына қарай баяндамалар "ҚР Ұлттық инженерлік академиясының хабаршысы" (ҚР Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің тізіміне кіреді) и «Есептеу технологиялары» (РФ Жоғары аттестациялық комиссиясы тізіміне кіреді) журналдарының біріккен номерінде басылып шығарылады.

Көлемі 8-ден 15 бетке дейінгі баяндамалардың толық мәтіндері ағылшын тілінде, https://acagor.kz/citech-2020/templates/paper бетінде көрсетілген Latex форматындағы үлгі бойынша ресімделіп, Конференция сайты арқылы 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Мақаланы рәсімдеу кезінде авторлар нұсқауларға сүйенуі тиіс. Бір автор (жеке немесе бірлесіп) үштен баяндамаға дейін бере алады. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қарастырылмайды.

3. Конференцияның Халықаралық сараптамалық кеңесі іріктеп алған баяндамалардың негізінде Springer баспасының "Communications in Computer and Information Science" сериясында мақалалар жинағы жарияланатын болады (Scopus деректер базасында индекстеледі). Авторлар Springer нұсқаулығын ұстануы тиіс және мақалалар дайындау үшін LaTeX үлгісін қолдануы керек. Springer мақалаларға авторлардың ORCID қосуды ұсынады. Сонымен қатар, осы мақаланың барлық авторларының атынан әрекет ететін корреспондент-автор жариялауға келісім нысанын толтырып, қол қоюы керек. Авторлық құқық нысанына қол қоятын корреспондент автор мақалада көрсетілген тиісті автормен сәйкес келуі керек. Файлдар Springer-ге жіберілгеннен кейін құжаттардың авторлығына қатысты өзгерістер енгізілмейді.