Шаблондар
Конференцияның жұмыс тілдері: ағылшын, орыс, қазақ.
Қатысуға өтінімдер. Электронды тіркелу және тезистерді беру 2022 жылдың 15 тамызына дейін https://acagor.kz/citech-2022 Конференция сайтында жүзеге асырылады.
Материалдарды ұсыну: 1 бет көлеміндегі конференция тезистері тек ағылшын тілінде, https://acagor.kz/citech-2022/templates/abstract бетінде көрсетілген үлгі бойынша ресімделіп, Конференция сайты арқылы 2022 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.
Көлемі 8-ден 15 бетке дейінгі баяндамалардың толық мәтіндері ағылшын тілінде, https://acagor.kz/citech-2022/templates/paper бетінде көрсетілген үлгі бойынша ресімделіп, Конференция сайты арқылы 2022 жылдың 20 тамызына дейін қабылданады.
Конференция жұмысының басында "ҚР ҰИА хабаршысы" (ҚР БҒСБК ұсынған) және "Есептеуіш технологиялар" (РФ ЖАК тізіміне кіреді) журналдарының бірлескен шығарылымындағы баяндамалар жинағы шығарылады. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қарастырылмайды.
Конференцияның халықаралық сараптау кеңесімен іріктелген баяндамалар ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған "ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясында" (Web of Science, Russian Science Citation Index -те индекстеледі https://bm.kaznu.kz/index.php/kaznu) және International Journal of Mathematics and Physics (Web of Science, Scopus-та индекстеледі https://ijmph.kaznu.kz/index.php/kaznu) мақалалар жинағында басып шығарылуға ұсынылады.