Жалпы ақпарат


Генеральный директор:
Джансугурова Лейла Булатовна
кандидат биологических наук, профессор

Институт 1995 жылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының ғылыми ұйымдарының желісін жақсарту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 сәуірдегі No 430 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Төралқасының 1995 жылғы 5 мамырдағы No 36 «Институты ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жалпы генетикасы және цитологиясы атымен құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы No151 қаулысына сәйкес, институт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жалпы генетика және цитология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.

Ұйымдастырушы және алғашқы директоры - ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Берсімбаев Рахметқажы Искендірұлы (1995-2000).

2003-2006 жылдары - биология ғылымдарының докторы, профессор Жұмабеков Ермек Жұмабекұлы.

2000 жылдан 2003 жылға дейін - т.ғ.д., Джалпакова Кульгайша Джумадиловна.

2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - бас директор, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Жансүгірова Лейла Булатовна.