Қызметі

Микробиология және вирусология институты - Қазақстан Республикасындағы микробиология және вирусология саласындағы іргелі және қолданбалы мәселелерді дамытатын жетекші ғылыми ұйым. Институттың мақсаты - республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуға бағытталған микробиология және вирусология саласындағы іргелі, іргелі қолданбалы және қолданбалы зерттеулер жүргізу.

Институттың негізгі қызметі микробиология және вирусология саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, медицинаға, ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және қоршаған ортаны қорғауға арналған микробтық және вирустық препараттарды жасау, микробиология және вирусология саласында ғылыми кадрларды даярлау болып табылады. Институттың құрамына 107 қызметкер кіреді, оның ішінде 15 ғылым докторы, 25 ғылым кандидаты.