Институт көрсететін қызметтер
- топырақтың құнарлылығын арттыру мен ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың жаңа және инновациялық технологияларын ғылыми-әдістемелік қолдау;
- Қазақстан үшін биорганикалық, биоминералды тыңайтқыштарды, отандық биологиялық өнімдерді және өсу стимуляторларын қолдану жүйелері;
- топырақ-мелиоративтік, топырақ-экологиялық және топырақ-агрохимиялық зерттеу және танаптардың тұздану карталары мен танаптардың агрохимиялық картограммаларын құру, оларды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар;
- 30-дан астам топырақты, сондай-ақ суды, өсімдіктер мен тыңайтқыштарды талдау бойынша қызметтер ұсыну;
- топырақ карталарын және агрохимиялық картограммаларды дайындау, бұзылған жерлерді қалпына келтіру және топырақ ресурстары мен ауылшаруашылық алқаптарын ұтымды пайдалану, ғылыми зерттеулер мен өндіріс нәтижелерін енгізу бойынша консультациялық қызметтер.