Институт қызметі
Институттың 10 лабораториясында (сүтқоректілер, құстар, палеозоология, су жәндіктерінің экологиясы, жәндіктер, жалпы паразитология, паразитоценология, жануарлар генофонды, омыртқасыздарға биологиялық бақылау жасау, жануарларды білезіктеу) жүздеген ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді. Институт зерттеулерінің негізгі бағыттары:
- республиканың жануарлар дүниесінің көп түрлілігін сақтаудың теориялық негіздерін жасау;
- хайуанаттар қорын қорғау, оны тиімді пайдалану;
- паразиттер мен олардың иелерінің арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері және экологиялық негіздері;
- жануарлар мен өсімдіктер паразиттерімен күресудің биологиялық жолдары;
- биологиялық және техногенді әсерлердің нәтижесінде зиянды және пайдалы жануарлар тобында болатын реттеуші процестерді экожүйелік тұрғыдан талдау;
- организмге тигізетін радиация әсерінің заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу.