International cooperation
XX ғасырдың 30-жылдары КСРО ҒА зоология институтының қазақша филиалы болып құрылғалы көптеген ғылыми зерттеулер жасады. 1938 жылы Қазақстан зоналық станциясымен егеуқұйрықтарды жерсіндіру біріккен жұмысы атқарылды. Зоология секторының алғашқы кезеңінде «Қазақстанның таулы аймақтарындағы сүтқоректілер туралы очерк» (Афанасьев, Варагушин, 1939), «Шу өзенінің төменгі ағысындағы орнитафауна» » (Долгушин, 1939) сынды зерттеу жұмыстары «Известия» газетінің алғашқы нөмірінде жарық көрді. Сонымен қатар, институт республиканың жануарлар әлемін зерттеуге бар күшін салды.
Институт құрылғаннан бері көптеген жобаларды, зерттеу экспедицияларын ұйымдастырып келеді. Бұл жобалардың көбі еліміздің сулы және таулы аймақтарында жасалып жүр. Солардың бірі — «Батыс Тянь-Шань тауларының биоалуантүрлілігін сақтау» трансшекаралық жобасы. Бұл жоба Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің шекаралық территорияларында жүзеге асты. Еліміздің таулы аймағын зерттеуге ғалым А. Ф. Кофшарь қатысты. Ғалым 2001 жылы Ақсу-Жабағылы қорығын зерттеуге арналған экспедицияны басқарып, «Ақсу-Жабағылы қорығы биоалуантүрлілігінің мониторингі» атты ұжымдық монография жарық көрді. Сонымен қатар, институт ICF тырналарды қорғау халықаралық қорының аясынсында «Стерх» барлау жобасын іске асырды. Аталмыш жоба Қостанай және Атырау облыстарын мекендейтін ақ тырналарды зерттеуге бағытталды. Институт ғалымдарының Каспий, Арал теңізі бойындағы биологиялық алуантүрлілікті зерттеуге бағытталған жобалары көп.