16.09.2018

2018 жылдың 13-15 қыркүйек аралығында Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінде (Ташкент қаласы) "Қолданбалы математика және ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері" атты алтыншы Халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. 

Ғылыми конференцияның мақсаты - қолданбалы математика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі бағыттарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылау, конференция тақырыбына дарынды жастарды тарту, әр түрлі мемлекеттердің арасындағы ғалымдар арасында ғылыми байланыстарды орнату. 

Конференцияға Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Жапония, Түркия, Әзірбайжан, Словениядан 200-ден астам ғалымдар қатысты.

Тегтер: Казахстанский инженерно-технологический университет

Институттың басқа жаңалықтары