Жоба туралы жалпы ақпарат
Жоба тақырыбы: Кен орындарын терең іздестіру үшін аномалияларды интеллектуалдық анықтау әдістеріне негізделген геоақпараттық жүйе модулін әзірлеу (ЖТН AP08856012)
Жоба жетекшісі: Темирбеков Нурлан Муханович, ф.-м. ғ. д., профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті
Ғылымды дамытудың басым бағыты: Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар
Бұл жоба кен орындарын терең болжамды-іздестіру модельдеу үшін жасырын кен орындарының аномалияларын зияткерлік анықтау әдістеріне негізделген Геоақпараттық жүйенің бағдарламалық модулін құруға бағытталған. Бағдарламалық модульдің жұмыс істеуі жер бетіндегі геологиялық деректерді, геофизикалық өлшеулер мен геохимиялық талдауларды кіріс деректер ретінде пайдалана отырып, математикалық геофизиканың кері есептер теориясын қолдануға негізделген. Әзірленетін бағдарламалық модуль геохимиялық және геофизикалық бөліктен және геохимия мен геофизиканың кері есептері әдістерімен цифрлық модельдеуден тұратын кешенді болжамдық-минерагендік модельге негізделген, ол жер қойнауын, атап айтқанда жер қыртысының терең бөліктерін өңірлік геологиялық зерттеуге бағытталған.
Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруының қолдауымен, сондай-ақ "Даке барлау" ЖШС бірлесіп қаржыландыруымен орындалуда.